ТҮРКІСТАНДА РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНҒАН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас редакторы Сәуле Мешітбаева «Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» республикалық экспедициясы аясында Түркістан облысына келген еді.
▪️Іссапардың мақсаты – Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында жаңа идеялогиялық ұстанымдарды ілгерілетуге және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
▪️Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен кездесуге тиісті басқарманың басшылары, ішкі істер органдарының өкілдері және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық байланыс арқылы қатысып, пікір алмасты. Кездесу барысында ауылдың интеллектуалды әлеуетін күшейту, газет-журналдардың ағарту мен білім беру ісіндегі маңызы, жастар тәрбиесі, руханият пен мәдениетті өркендету белестері сараланды.
▪️Басқосуда Сәуле Мешітбайқызы экспедицияның мақсатына тоқталып, басылымдардың халықтың рухани кемелденуіндегі рөлі мен бүгінгі қоғамдағы маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, қазақ қоғамының руханияты, ел бірілігін сақтау, ұлттық құндылықтар, қоғамдық сананың жаңғыруы, отбасы құндылықтары мен тіл мәселесі секілді маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға «Qazaqstan dauiri» газетінің стратегиялық миссиясы туралы мағлұмат беріліп, жаңа жобалар таныстырылып, оның зияткерлік-ағартушылық міндеттері баяндалды.
▪️Тағылымды кездесуде қатысушылар келелі мәселелерді көтеріп, сүбелі ойларды ортаға салды.
▪️Сапар аясында Сәуле Мешітбайқызы Сайрам, Бәйдібек, Созақ аудандарында болып, ауылдың рухани әлеуетін көтеру, жастардың дүниетанымын кеңейту, қоғамның өзгеріске дайындығын ілгерілету мәселелері бойынша жергілікті тұрғындармен кездесті.






