ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТҰҚЫМБАҚТЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ТАПСЫРЫЛДЫ

0
27
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жаңадан жасақталған тұқымбақтың дайындығын бақылап, жүйелерін тексерді.
▪️“Жасыл аймақ” мекемесі басшысының орынбасары Нұржан Ташкеновтің баяндауынша, тұқымбақта қылқан жапырақты, жұмсақ жапырақты, сәндік және бұта тектес ағаштардың көшеті өндіріледі. Тұқымбақты іске қосу желтоқсан айына жоспарланған.
▪️Облыс әкімінің орынбасары «Жасыл аймақтағы» өскіндердің жағдайын, топырақты құнарландыру барысын да бақылады.
▪️Биыл жасыл белдеу аумағындағы 825 га мәдени орман екпесіне органикалық және минералдық тыңайтқыштар берілген. «Нәтижесінде топырақ құрамы жақсарып, тұз көлемі азаяды және көшеттердің тамыры бекиді» дейді мамандар.
▪️Жасыл белдеу аумағының 63 пайызы ұңғымалар арқылы, 25 пайызы су арналары арқылы суғарылса, 12 пайызына су сорғылары арқылы жеткізіледі. Қазіргі таңда 55 сорғы жөнделіп, қалпына келтірілді.
▪️Жалпы жасыл белдеу аумағы қазіргі таңда қоршалған. Кешенді жоспарға сәйкес, 900 гектарға сексеуіл тұқымын себу жоспарлануда.
▪️Нұрбол Тұрашбеков суғару жүйелерін қайта түгендеуден өткізуді тапсырды. Көктемге дейін жүйе ақаулары жойылып, жұмысқа толық дайын болуы керектігін ескертті. Тұқымбақтың дайындығына қатысты да бірқатар тапсырмалар берді.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу