Түркістан: Тұрғындардың мәселесі заң аясында шешіледі

0
131

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі – заң мен тәртіптің сақталуы. Әрбір азаматтың құқықтық сауатты болуы, заңға құрметпен қарауы – әділетті әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың басты алғышарты. Заң – мемлекеттің негізгі тірегі. Ол барша азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамда әділеттілік орнатуға бағытталған. Ал тәртіп – осы заңның нақты орындалуын қамтамасыз ететін тетік. Егер қоғамда заң үстемдігі болмаса, онда бейберекетсіздік, өзара сенімсіздік пен тұрақсыздық жайлайды.

Бүгінде құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелер халықпен ашық жұмыс істеуге, әрбір азаматтың мәселесіне құлақ түріп, әділ шешім шығаруға ұмтылуда. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі.

Заң мен тәртіп – тек жазалау құралы емес, бұл – қоғамға бағыт-бағдар беретін, әр азаматтың құқықтарын қорғайтын әділеттілік өлшемі. Сондықтан, заң талаптарын орындау, қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Осы мақсатта Түркістан облысындағы  «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Бұл жолы азаматтарды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.

Қабылдауға келген жергілікті тұрғындар спорт, қоғамдық даму саласы мен өзге де тақырыптарға байланысты мәселелер көтерілді. Оның ішінде пара спортшыларға қолдау көрсету, қоғамдық шараларды ұйымдастыру бағыттарының маңыздылығы сөз болып, ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар бір тұрғын қоғамдық бірлестік атынан әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғысын білдірді.
Қабылдауға тиісті басқарма басшылары, жауапты мамандар қатысып, туындаған мәселенің оңтайлы шешуіне атсалысты.
Ертай Кенжебекұлы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді. Сұрақтар жан-жақты қаралып, заңдылығына қарай шешіледі.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру – тек биліктің емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Заң мен тәртіпке бағынған елде береке мен бірлік, тұрақтылық пен даму болады.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу