Түркістан облысында «Қауіпсіз жол» акциясы қарқынды жүргізіліп жатыр

0
93

Түркістан облысында жол қауіпсіздігін арттыру және көлік тәртібін нығайту мақсатында «Қауіпсіз жол» республикалық акциясы белсенді түрде жалғасуда. Іс-шара шеңберінде құқық қорғау органдары жүргізушілер арасында тәртіпті күшейтіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше назар аударып отыр.

Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Ержігітұлының мәліметінше, «Қорғау – қауіпті жүргізуші!» мобильді қосымшасы арқылы 11 мыңнан астам автокөлік анықталып, барлығы айыптұраққа жеткізілген. Жол ережесін бұзған жүргізушілерге 1 млрд 163 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

14 қыркүйекте «Бір күн – жол-көлік оқиғасыз» акциясы облыстың барлық ауданында өтті. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты 2 575 білім беру ұйымының алдында жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылған.

Жыл басынан 39 мыңнан астам жол апатына тікелей әсер ететін құқық бұзушылықтардың жолы кесілді. Атап айтқанда, 38 116 жаяу жүргінші жолдан өту ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, 524 көлік жүргізуші жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, 605 жүргізуші көлікті спирттік ішімдік ішіп басқарғаны үшін көлік жүргізу құқықтарынан шеттетілді. Жыл басынан бері жол қозғалысы саласында 673 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша биыл 15-30 қыркүйек күндері аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шарасының негізгі мақсаты – жол қозғалысы қатысушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жол көлік оқиғаларының санын азайту, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, – деді спикер.

Ерлан Ержігітұлы атап өткендей, 15-30 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» іс-шарасының басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларын азайту, жол ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті арттыру.

Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді заң талаптарын қатаң сақтауға, жолда мұқият болуға шақырып отыр.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу