Түркістан: «Учаске» іс-шарасы аясында интернет алаяқтық пен қоғамдық тәртіп мәселелері түсіндірілуде

0
5

Түркістан қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Бұл шараның басты мақсаты – тұрғындармен жеке кездесіп, интернет алаяқтық пен қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Түркістан қалалық учаскелік полицияның жауапты өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда интернет арқылы алдау жағдайлары көбейіп кеткен. Сол себепті әрбір азаматпен жеке жұмыс жүргізіліп, үйлерін аралап, алаяқтықтан сақтану жолдары кеңінен түсіндірілуде.

Сонымен қатар, «Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық  іс-шарасы аясында есірткімен байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары қатар атқарылып жатыр. Полиция қызметкерлері тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, өзекті мәселелерін шешуге байланысты ашық диалог жүргізуде. Мұндай кездесулер халықпен сенімді қарым-қатынасты арттырып, қоғамда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуда.

«Учаске» акциясы алдағы уақытта да жалғасып, құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіле береді.

Айта кетсек, Түркістан облысында 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылықтың алдын алу және полиция мен халық арасындағы сенімді арттыру. Бұл бастама өңірде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу