Түркістан облысында құқықтық мәдениетті дамыту жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Түркістан облысында Құқықтық саясаттың іске асырылу барысын, құқықтық қамтамасыз ету бойынша бейінді ведомстволардың жұмысы жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері атап айтқанда, жастарды салауатты өмір салтына, мәдени іс-шаралараға (кино, концерттер, театрлар, көрмелер) бейнероликтерді әзірлеу бағыты бойынша 42 бейнеролик дайындалып БАҚ беттерінде әлеуметтік желіде жарияланған. Бұл бастамалар құқықтық мәдениетті арттыруға, жастардың әлеуметтік белсенділігін нығайтуға және қоғамда құқықтық сана қалыптастыруға өз үлесін қосуда.
Одан бөлек, құқықтық қамтамасыз ету бағытында бейінді ведомстволар белсенді жұмыс істеуде. Азаматтардың құқығын қорғау, заңдылықты сақтау және құқықтық мәдениетті арттыру – басты назарда. Құқықтық реформалар мен цифрлық шешімдер арқылы мемлекеттік қызметтің ашықтығы қамтамасыз етілуде. Бұл – өңірде заң үстемдігін орнатуға және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдар.
Түркістан облысында құқықтық қамтамасыз ету бағытындағы бейінді ведомстволардың жұмысы жоспарға сай атқарылуда. Халықтың құқықтық мәдениетін, толеранттылығын және құқықтық санасын арттыру мақсатында түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Бұл жұмыстардың негізі – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамда әділдік пен заңға құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында құқықтық тәрбие беруді күшейту болып саналады. Аталған іс-шаралар облыста құқықтық саясатты тиімді жүзеге асыруға және азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған. Осы бағытта құқықтық қамтамасыз ету бойынша бейінді ведомстволардың жұмысын, халықтың құқықтық мәдениетін, толеранттылығы мен құқықтық санасын қалыптастыруда жоспарланған профилактикалық іс-шаралардың, оның ішінде: «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» – 118, «Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес» – 446, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу» – 253, «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл» – 214 , «Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу» – 454 және тағы басқа тақырыптар негізінде іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқиғалар қатары әлеуметтік желіде жарияланды. Сонымен қатар «Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес» – 3, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу» – 2, «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл» – 3, «Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу» – 2 брифинг өткізілді.
Құқықтық санасын қалыптастыруда жалпы білім беретін оқу орындарында – 382, студент жастарының арасында – 256 құқық бұзушылықтар мен қылмыс саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілген. Соның ішінде полиция департаменттері бастықтарының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ ІІМ орталық аппараты қызметтері басшыларының – 35 кездесу өткізілді. Әлеуметтік желілерде лудомания, нашақорлық, вандализм, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша 658 материал орналастырылған.
Түркістан облысында құқықтық ағарту бағытындағы ақпараттық жұмыстар күшейтілді. Облыс тұрғындарының құқықтық сауатын арттыру және өзекті қауіптерден қорғау мақсатында халыққа қолжетімді барлық алаңдарда — әлеуметтік желілер, радио, мессенджерлер арқылы бірқатар бейнероликтер таратылды.
Халыққа қол жетімді барлық жерлерде, сондай-ақ әлеуметтік желілер, радио мен мессенджерлер арқылы «Интернет-алаяқтықтан өзіңді қалай қорғауға болады» – 106, «Есірткіге қалай қарсы тұруға болады» – 52, «Балаларды буллингтен қалай қорғауға болады» – 41, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай құтылуға болады» – 63 және тағы басқа тақырыптарында бейне өнімдер орналастырылды. Бұл ақпараттар қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтардың өз құқығын қорғау қабілетін күшейтуге бағытталған.
Заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлердi, сот жүйесiнiң қызметiн, сот жүйесiндегi реформалардың мазмұнын, адамның құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуын іске асыруда құқық қорғау органдарының, ҮЕҰ өкілдерінің, түрлі салалар сарапшыларының қатысуымен азаматтарды құқық бұзушылықтар мен қылмыстардан қорғау мәселелері бойынша республикалық және өңірлік баспа және электрондық басылымдарда 234 мақала жарияланды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары жайлы БАҚ-та 28 сұқбат жарыққа шықты. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті тақырыптары бойынша брифинг – 12, дөңгелек үстел– 25 өткізілді. Оның ішінде Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында – 12 брифинг өтті.
Құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ішкі істер органдарының цифрлық жобалары және оның үстемділіктері туралы БАҚ-та – 67 және әлеуметтік желілерде – 628 материал жарияланды.
Лудомания, есірткі қылмысы, вандализм, тұрмыстық зорлық-зомбылық, интернет-алаяқтық және тағы басқа үшін жауапқа тартылғандардың сұқбаты бойынша есірткі қылмысы бағытында арнайы фидьм дайындалып, БАҚ-та-84, әлеуметтік желіде – 332 рет жарияланды.
Ал ведомстволық БАҚ-тың мазмұндық және контенттік толықтырылуын күшейту (ақпараттық, медиа-портал, POLISIA.KZ, POLISIA.KZ журналы, Сақшы және На страже газеттері) және олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына күнделікті полицияның имиджін арттыруға бағытталған материалдар (ақпараттар, бейнефотолар тағы басқа) жолдануда. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру бағытында ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ-те 23, Сақшы және На страже газеттерінің электронды сайттарында 24 материал жарияланды. БАҚ-та мемлекеттік тілді дамытуға қатысты қалалық, аудандық полиция, басқарма бөлімдерімен газет, журнал беттерінде 46 мақала жарық көрді.