Түркістан облысында есірткіге және көкнәріге қарсы жұмыстар қарқынды

0
16

Түркістан облысында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ірі көлемде есірткі егілген плантация анықталды. Полиция департаменті қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында Созақ ауданының таулы аймағынан құрамында есірткі бар өсімдіктер егу дерегі тіркелді.

Жедел іс-шара нәтижесінде Қызылорда облысының екі және Шымкент қаласының бір тұрғыны қылмыс орнында ұсталды. Тексеру кезінде 900-ден астам қарасора мен 260-қа жуық көкнар түбі, сондай-ақ тіркелмеген қару тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі өсімдіктердің салмағы 700 келіні құрады. Аталған факті бойынша фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда, анықталған дерек бойынша қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек Полиция департаментінің қызметкерлері 21 мыңнан астам ауланы, шаруашылық құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандар мен егістік алқаптарын тексерді. Нәтижесінде полицейлер екі апта ішінде есірткіге байланысты 11 қылмыстың жолын кесті.

Заңсыз айналымнан 705 келіден астам марихуана, 260 келіден астам көкнар және аңшы мылтығы тәркіленді. Сондай-ақ есірткі қылмысын жасаған күдіктілер ұсталды. Бүгінгі таңда аталған 11 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қоса, аталған іс-шаа аясында   есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру  дерегін анықталды. Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Түлкібас ауданының тұрғындары егіс алқабында заңсыз еккен 75 түп қарасора тәркіленген болатын.

Аталған шара аясында  жеке тұрғын үйлердің аулалары, пайдаланылмай жатқан егістік алқаптар мен шалғай жерлерге рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілді.  Рейд жүргізудегі мақсат –  заңсыз егілген құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтап, жою, сондай-ақ бұл әрекеттерге жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту болып саналады. Жоспар бойынша

Тәртіп сақшылары күнделікті аулаларды аралап, ауыл тұрғындарына заң талаптарын ескертіп,есірткі бизнесіне қарсы күрестің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Полицейлердің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында барлық заңсыз әрекеттерге қатаң шара қолданылады.

Бұдан басқа  облыста полицейлер есірткі затын заңсыз сақтау фактісін әшкереледі.

Нақтырақ айтсақ, Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жергілікті тұрғынды, деструктивті діни ағымның ұстанушысын ұстады. Оған жүргізілген тінту кезінде марихуанаға ұқсас есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттың жалпы салмағы шамамен 20 граммды құрайды.  Бүгінгі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда.

Түркістан облысында «Заң мен тәртіп» аясында құқықтық тәртіпті қолдауға және жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар атқарылуда. Бұл жолғы іс-шаралар Бәйдібек және Созақ аудандарында патрульдік полиция батальоны мен аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Атап айтсақ, тұрғылықты жері бойынша 27 қару иесі және профилактикалық есепте тұрған 32 адам тексерілді.  Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар полиция «Қарасора – 2025» іс-шарасы аясында Бәйдібек ауданы тұрғындарының бірінің ауласынан құрамында есірткісі бар 2 түп өсімдік тәркіледі. Осы факт бойынша барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті жұмыстар жүргізілуде. Жалпы жүргізілген жұмыс нәтижесінде

160 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 140-тан астамы жол қауіпсіздігі бойынша. Екі жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды. Дрондардың көмегімен қарсы жолаққа шығу жайттары тоқтатылды, ал жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Барлығы 21 көлік айыптұраққа қойылды.

Айта кетсек, полиция қызметкерлері жүргізушілер мен тұрғындарға ЖКО және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпаратты қамтитын QR-кодтары бар 500-ден астам жадынама таратты. Құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу