Заң мен тәртіп: Түркістан облысында қауіпсіздік басты орында

0
17

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында өңір аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, түрлі құқық бұзушылықтардың жолын кесу және жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында профилактикалық-рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

Полицияның негізгі міндеттерінің бірі – кешкі және түнгі уақытта азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы бағытта патрульдік полицейлер, учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, көшелерде, аулаларда, демалыс және ойын-сауық орындарында тәртіпті бақылауға алды. Жаяу патруль қызметкерлері арнайы жарық шамдарымен жабдықталып, түнгі кезекшіліктерге жұмылдырылды.

Рейд барысында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта көшеде жүру фактілері, өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар полицейлер сауда орындары мен қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын жеткізді.

Азаматтарға жолдардағы апаттың алдын алу жөніндегі ақпаратты қамтитын QR-кодтары бар жадынамалар таратылды. Бұл азаматтарды құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы хабардар етіп қана қоймай, олардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Осы ретте полиция халықты мұқият болуға, қоғамдық тәртіп пен жол ережелерін сақтауға шақырады. Әрбір азаматтың жауапкершілігі-қауіпсіз қоғам құрудың негізгі элементі.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу