Президент тапсырмасы: Түркістан облысында әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысында әлеуметтік қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік қолдауға басымдық беріліп отыр.
Облыс әкімдігі мен тиісті басқармалар халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған бастамаларды жүйелі түрде іске асырып келеді.
Өңірде жұмыс күші мен еңбек нарығы қарқынды
Түркістан облысында жұмыс күші 860 мыңнан астамды құрайды. Соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар саны – 380 мыңға жуық. Жұмыссыздар саны 41569 адамға жетіп, жұмыссыздық деңгейі 7,8 пайызды құрап отыр.
Облыста ауқымды жұмыс орнын құру жоспарлануда
Мәселен, Жұмыспен қамту саласында айтарлықтай жетістіктер бар. 2025 жылы «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұл Республика бойынша құрылатын жұмыс орындарының 14,5 пайызын құрап, ең жоғарғы көрсеткіш болып қалыптасты.
Жалпы, өңірде жұмыс орындарын құру 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Атап айтқанда, ұлттық жобалар мен жеке инвестициялық жобалар аясында 4 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланса, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» бағдарламасы аясында 22 600-ге жуық жұмыс орны ашылмақ. Ал субсидияланатын жұмыс орындары арқылы 46 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру көзделген. Ал еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары арқылы 57 300-ге жуық азамат жұмыспен қамтылмақ. «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында осы жылдың 7 айының қорытындысымен 74630 азамат жұмыспен қамтылды.
Осы жылы 32 465 адамды уақытша субсидияналатын жұмыс орындарына тарту жоспарлануда. Бүгінгі таңда 24 571 азамат жұмысқа орналасты. Одан бөлек, жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін бюджеттен қаржы қаралып, 1800-ге жуық азамат мемлекеттік грант алған.
Облыста кедейлік деңгей төмендеді
Кедейлік деңгейін төмендету бағытында жүйелі жұмыстар нәтижесінде бүгінгі таңда 55252 адамға АӘК тағайындалып, кедейлік деңгейі 2,6 пайызға төмендеді. Өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға, ал АӘК алушылардың саны 39498 адамға немесе 41,7 пайызға төмендеді. 2025 жылға АӘК алушылар қатарын 76,2 мың адаммен шектеу және кедейшілік деңгейін 3,5 пайызға дейін төмендету жоспарланған.
Заңсыз активтерді қайтару – әлеуметтік әделеттілік
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз жолмен алынған активтер есебінен әлеуметтік нысандар құрылысы да басталды. Түркістан облысының Темірлан ауылында 300 орындық музыка мектебінің құрылысы қолға алынды.
Түркістан облысы алдағы уақытта да халықты әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра отырып, Президенттің тапсырмаларын уақытылы әрі сапалы орындауға басымдық беретін болады.
Мемлекеттік саясаттың өңірлік деңгейде орындалуы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында Түркістан облысында әлеуметтік қолдау және денсаулық сақтау салаларын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысы кедейлікті азайту, әлеуметтік әділеттілікті орнату және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында тиімді және нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен даму қарқынын көрсететін айқын дәлел.
Өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін кезең-кезеңімен жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс халқының 83%-ы сақтандырылып, 351 мыңнан астам адам (17%) МӘМС жүйесімен қамтылмаған. Олардың қатарында 85 мыңнан астамы – жұмыссыз, әлеуметтік осал топтағы азаматтар. Жергілікті бюджет есебінен бұл азаматтарды МӘМС-пен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Медициналық кадр тапшылығы – басты мәселе
Түркістан облысында 24 мыңнан астам медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетеді. Дегенмен, білікті медицина мамандарының тапшылығы әлі де өзекті. Қазіргі таңда облыста 253 бейінді дәрігер жетіспеушілігі бар. Білікті маман тапшылығын шешу үшін 2023 жылдан бастап жыл сайын жоғары білімнен кейінгі оқу орындарына дәрігерлерді резидентурада даярлау үшін жергілікті бюджет есебінен гранттар бөлінуде. Қазіргі таңда 2023-2024 жылдары оқуға түскен 176 резидент Астана, Алматы, Қарағанды және Түркістан қаласында орналасқан медицина университеттерінде білім алуда. Ал биыл медициналық кадрларды даярлауға 75 грант бөлініп, толық игерілді.
Ауылға жас мамандарды тарту
Сонымен қатар ауылдық жерлерге барған жас мамандарға 1–1,5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы және аса тапшы мамандықтар бойынша 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем қарастырылған.
Медициналық инфрақұрылымды дамыту
Жолдауда көрсетілген Президент тапсырмаларын орындау мақсатында өңірде ірі медициналық нысандар салынып жатыр. Атап айтқанда, Сарыағаш қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана, Ордабасы ауданында 200 орындық перинаталдық орталық құрылысы жобасы жүзеге асырылады. Абу-Даби қорының (19 млн АҚШ доллары) қаржыландырылуымен Түркістан қаласында жаңа перзентхананың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ сенімгерлік басқаруға беру жобасымен Сауран ауданында 500 адамға қызмет көрсетуге арналған емхана құрылысы жоспарлануда.
Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын дамыту – Президент Жолдауы аясындағы басты басымдықтардың бірі. Медициналық кадр даярлау, ауыл дәрігерлеріне қолдау көрсету және заманауи инфрақұрылым салу – өңір халқының өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нақты көрінісі.
Түркістан облысында әлеуметтік әл-ауқатты арттыру, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауды басты басымдық ретінде қарастырып, нақты нәтижелерге қол жеткізді.
Соңғы жылдары Түркістан облысында медициналық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ауқымды жобалар қолға алынған. Атап айтқанда, Түркістан қаласында 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл нысан іске қосылғанда 1200-ден астам медицина қызметкері жұмысқа тартылады. Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қорымен әріптестік аясында 80 төсек-орындық перзентхана салынуда. 60 орындық оңалту орталығының құрылысы аяқталып, жақын арада пайдалануға беріледі. Сарыағашта 300 орындық көпбейінді кешен, Ордабасыда 200 орындық перинаталдық орталық салу жобасы әзірленді. Ордабасы, Жетісай, Сарыағаш аудандарындағы орталық ауруханалар 4,1 млрд теңгеге жөнделді. Сайрам аудандық ауруханасында 3,1 млрд теңгеге күрделі жөндеу басталды. Енді ауданаралық ауруханалар МРТ, КТ, ангиограф сынды ауыр медициналық техникамен қамтылады.
Халық саны мен қажеттіліктің өсуіне байланысты, жедел жәрдем қызметіне деген сұраныс жыл санап артып келеді. Егер 2023 жылдың 8 айында жедел жәрдемге 512 мың шақырту тіркелсе, 2024 жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 635 мыңға жеткен. Яғни, 123 мың шақыртуға артқан. Осыны ескерген өңір басшылығы 2023 жылы да 88 санитарлық автокөлік сатып алған болатын. Бұған қоса, 2 реанимобиль нәрестелерге арналған арнайы көлік ретінде сатып алынды.
Одан бөлек 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысында әлеуметтік қолдау, білім беру және еңбек нарығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынуда.
Жұмысшы мамандықтар жылы – стратегиялық бастама
2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» ретінде жарияланып, өңірде осы бағытта кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Облыс әкімі бекіткен 7 бағыттан тұратын 64 тармақты жоспар аясында кәсіптік білім беру, жұмысшы мәртебесін көтеру, жастарға кәсіптік бағдар беру және еңбек нарығындағы сұранысты қамтамасыз етуге басымдық берілді.
Облыстағы 50 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 47 мыңнан астам студент 75 мамандық бойынша білім алып жатыр. Оның ішінде, 16 500-ден астам студент 38 жұмысшы мамандығы бойынша даярлануда. 2025-2026 оқу жылына 15 500 мемлекеттік грант бөлініп, оның 9 500-і жұмысшы мамандықтарына бағытталды.
Сондай-ақ, дуалды білім беру жүйесі қарқын алып келеді. Облыстағы 35 колледж 654 кәсіпорынмен 64 мамандық бойынша келісімге келіп, нақты өндірістік тәжірибеге негізделген оқыту жүйесі жолға қойылған.
Жастарды жұмыспен қамту деңгейі
Түркістан облысында жастарды еңбекке баулу мен жұмыспен қамту бағытында ауқымды форумдар мен байқаулар ұйымдастырылуда.
«Келешек мектептері» жобасының жүзеге асуы
Мемлекет басшысының «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 29 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. 2024-2025 оқу жылында 13 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 16 мектеп ашылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, өңірдегі 115 мектеп кезең-кезеңімен жаңғыртылуда. Бүгінде 100 білім ошағы жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар мектептердің қауіпсіздігін, ыңғайлылығын және заманауи стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған. Білім ошақтарының 100% жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосылған. Турникет, дабыл түймесі және күзетпен қамтылу мәселесі толық шешімін тапқан.
Алғаш рет енгізілген «Ұстаз» ұлттық платформасында 12 826 педагог аттестациядан өтуде. Бұл жүйе педагогтерді ынталандырып, кәсіби дамуға жаңа серпін беруде.
Түркістан облысында Президент Жолдауын іске асыру аясында жұмысшы мамандықтарды насихаттау, жастарды еңбекке тарту, білім беру жүйесін жаңғырту және мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру бағыттарында нақты қадамдар жасалуда. Бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруге бағытталған. Бұл Әділетті Қазақстан құру жолында маңызды үлес қосып отыр.