Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өтіп жатыр

0
21

Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды. Одан бөлек елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықты әлеуметтік жұмыспен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл мәселе өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тұрақты бақылауында.

Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы қуаттылығы 23 мыңға жуық  оқушы орынды құрайтын 29 жаңа жайлы мектептің құрылысы жүргізілуде. Өткен оқу жылында 13 мектеп пайдалануға берілсе, жаңа оқу жылы қарсаңында тағы 16 мектептің есігі ашылады. Бұл – үш ауысымдық және апатты мектептер мәселесін шешуге нақты қадам. Сонымен қатар ауыл мен қала балалары үшін тең білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Мектептерді жаңғырту (реновация) жобасы аясында облыстың 115 мектебі кезең-кезеңмен жөндеуден өтуде. Биыл 110 білім нысанының ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып, 60-ы толық аяқталды.

Облыстық бюджет есебінен 17 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 11 мектеп, 1 колледждің жатақханасы (120 орын, Созақ ауданы), 5 қосымша білім беру ұйымы (Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш, Ордабасы) бар.

Облыста 67 304 педагог еңбек етеді. Биыл олардың кәсіби деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. «Өрлеу» ұлттық орталығының Түркістан облыстық филиалы ашылып, 11 500 мұғалім біліктілік курсынан өтуде. «Мақсатты мектептер» жобасына енген 162 мектептің 8 мыңға жуық мұғалімі арнайы оқудан өтті. Оқу жылында 380 млн теңге осы мақсатқа бөлінді.

Жекеменшік балабақшаларды да «Жедел басқару орталығына» қосу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар оқушыларды буллинг пен зорлық-зомбылықтан қорғау, психо-эмоционалдық жағдайларын тұрақтандыру үшін 62 штатпен қамтылған «Психологиялық қолдау орталығы» ашылды. «ҚазАтомПром» ұлттық компаниясымен бірлесіп, 103 студент дуалды оқыту негізінде кәсіпорындарға қабылдануда.

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 29 білім ұясының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 13-і былтыр пайдалануға тапсырылса, ал қалған 16 мектеп жыл соңында дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде «Келешек мектептері» жобасы аясында 8 жаңа мектептің ашылуы жоспарлануда. Салтанатты ашылу рәсімі 1 қыркүйек – Білім күніне орай өтеді.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиналыста жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталып, атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Жиналыста облыс әкімінің орынбасары жауапты басқарма басшылары мен аудан және қала әкімдерінің орынбасарларына бірқатар міндет жүктеді. Ол өзь сөзінде:  Білім нысандарындағы құрылыс және жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталып, ғимараттар сапалы атқарылуы тиіс. Білім ұяларын оқушылармен толық қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылсын. Мектептерге мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде заң талаптарының сақталуын тапсырды. Жаңа оқу жылына дайындықты жіті қадағалап, ұйымдастыруға шұғыл кірісіңіздер! – деп атап өтті.

Өз кезегінде облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, жаңа оқу жылы қарсаңында ашылатын 8 мектептің 7-інде бала толымдылығы 97,3 пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда жаңа мектептерді педагогтермен және техникалық қызметкерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 107 техникалық қызметкер жұмысқа қабылдану үстінде.

Бұдан бөлек облыста жергілікті бюджет есебінен 17 жаңа білім нысандары салынып жатыр. 115 мектеп жаңғырту жобасына енген болса, биылғы жылы 41 мектеп реновациядан өтуде. Сонымен бірге, өңір бюджеті есебінен 59 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы биыл Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өтуде.

Биыл облыста 43 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 29-ы «Келешек мектеп» ұлттық жобасы арқылы болса, қор есебінен 14 білім ордасы бой көтеруде.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу