Түркістан: Азаматтардың өтініштері заң аясында қаралады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады. Қабылдау барысында азаматтар спорт, мәдениет, қоғамдық бастамалар мен ономастика сынды түрлі салалардағы өзекті мәселелерді көтерді.
Ертай Кенжебекұлы барлық өтініштерге мұқият назар аударып, әрбір мәселе тек заң талаптары шеңберінде қаралатынын атап өтті. Сонымен қатар, салалық басқарма өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, азаматтардың өтініштері жан-жақты зерттелетінін айтты.
Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі спорт және мәдениет саласын қатысты мәселелерді көтерді. Мәселен, Түркістан қаласының азаматы онамастика мәселесі бойынша ұсынысын жеткізсе, ордабасылық тұрғын қоғамдық бірлестіктің жұмысына қатысты ой-пікірін білдірді. Ал тағы бір тұрғын спорт саласына қолдау көрсетуді сұрады.
Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір азаматтың өтінішіне мән беру – биліктің басты міндеттерінің бірі екенін жеткізген облыс әкімінің орынбасары, бұдан кейін де осындай қабылдаулар жалғасатынын айтты.