Қазығұрттағы әлеуметтік-экономикалық нысандардың құрылысы қатаң бақылауда

0
55
Осыдан жеті жыл бұрын  Түркістан облысы құрылған болатын. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты. Түркістан қаласында  түрлі нысандар бой көтеріп, инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа сәулетті шаhарға айналып үлгерді.  мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл Түркістан қаласы ерекше мәртебеге ие болды.  Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы да қарқынды жүруде.  Осы ретте облыс әкімінің орынбасары  Бейсенбай Тәжібаев Қазығұрт ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың құрылыс барысымен және қазіргі жағдайымен танысып қайтты. Аралау барысында ғимараттардың қазіргі жай-күйі, құрылыс сапасы,    мерзімінде аяқталуы, инфрақұрылыммен қамтылуы секілді маңызды мәселелер қаралды.
Қазығұрт ауданында білім беру, денсаулық сақтау, спорт бағытында бірнеше әлеуметтік нысан салынып жатыр. Бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты көрсеткіші. Нысандардың сапалы әрі уақтылы аяқталуы жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған. Құрылыс барысы бақылауда.
Аудандағы Қызылдала мектебі 2009 жылы салынған. Бүгінде реновация тізіміне енген. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Екі ауысымда 314 бала білім алуда.  Мердігер мекеме — «Kemel Stroy Group» ЖШС  білім ұясындағы жөндеу тамыздың ортасына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

 

Одан бөлек Атбұлақ мектебі де ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Екі ауысымда 618 оқушы білім алатын нысан 660 орындықты қамтиды. «NDS SERVICE» ЖШС мердігер компания ретінде танылған. Биыл балалар жаңғыртудан өткен мектепте жаңа оқу жылын бастайды. Жалпы ғимарат 2007 жылы пайдалануға берілген.
Шарбұлақ ауылында 300 орындық жаңа мектептің құрылыс-монтаждауы бақыланды. Биыл наурызда басталған құрылыс 2026 жылы бітіп, білім ошағы ашылуы керек. Қазіргі таңда 30 жұмысшы қызмет етуде. Мердігер мекеме — «Ar Kua Group» ЖШС.
Ақбастау мектебі 1985 жылы ашылған. Содан бері 3 ғимарат салыныпты. 1-ші ғимаратына 2013 жылы жөндеу жүргізілген. 2-ші және 3-ші нысандарына ретке келтіру қажет.
Сарапхана елді мекенінде инвестор қаражаты есебінен 500 орындық мектеп бой көтеруде. Жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Ауылда жаңа білім ұясына қажеттілік болған. Бұл мәселе де оңтайланбақ.
Сонымен қатар, Рабат елді мекеніндегі орталық аурухананың жұмысы да тексерілді. 8300-ден астам тұрғыны бар ауылда орналасқан медициналық мекемеде 54 қызметкер жұмыс істейді. Жылына шамамен 500 науқасқа қызмет көрсетіледі. 2007 жылы пайдалануға берілген ғимарат бүгінде жаңғыртуды қажет етеді. Аурухананың шатырын ауыстыру, қасбетін қаптау және инженерлік желілерін жаңарту мәселелері көтерілді. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып, қарқын алып келеді.

Сондай-ақ Қаратас ауылдық емханасының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мердігер — «Радуга СН» ЖШС. Қажет қаражат бөлінген. Құрылыс бекітілген өндірістік кестеге сәйкес толық аяқталып, мемлекеттік қабылдау актісіне берілген.

Ақбастау ауылында жаңадан салынып жатқан медициналық пункттің құрылысы да бақылауға алынды. Қазіргі уақытта жұмыстардың 60%-ы орындалған. Плита жабыны қойылып, ішкі сылақ жұмыстары жүргізілген. Шатыры жабылып, инженерлік желілер тартылуда. Мердігер – «Урба-Стандарт» ЖШС.

Жаңадан салынған Ақбастау медициналық пунктінің құрылысы зерделенді. Мұндағы жұмыстың 60%-ы аяқталған. Құрылыс алаңында плита жабыны орнатылып, ішкі қабырғалар сыланған, шатыр жабу жұмыстары толықтай аяқталған. Қазіргі таңда инженерлік жүйелерді тарту жүргізілуде. Мердігер мекеме — «Урба-Стандарт» ЖШС.

Жалпы құрылыс алаңдарында бәріне қойылатын ортақ талап — сапалы атқару, уақтылы аяқтау, аса жауапкершілікпен қарау, әрбір қамтылған нысан тұрғындар үшін қызмет ететінін әсте ұмытпау. Жұмысшылар санын көбейту керек. Жергілікті азаматтарды тарту ұсынылды. Жауапты тұлғаларға облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасы мен ескертуі жеткізілді. Жоғары деңгейде орындамаған азаматтарға тиісті шаралар қабылданатыны ескертілді. Мониторингті тұрақты өтеді.

Сапар соңында аудан басшылығы Қазығұрт аудандық «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысты. Бұл орталық – отбасы институтын нығайту, әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында құрылған.

Мекемеде 14 жатын және 2 қабылдау орны, сондай-ақ 6 жұмыс бөлмесі қарастырылған. Орталықта азаматтарға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық бағыттар бойынша жан-жақты кеңес пен қолдау көрсетіледі.

Орталық жұмысы – отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, қиын жағдайдағы азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастама.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу