Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Шаньдун провинциясында бірқатар ірі ауыл шаруашылығы және азық-түлік өңдеу кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізді.
Сапардың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шетелдік тікелей инвестицияларды тарту, ауыл шаруашылығы бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру.
Циндао қаласында делегация «Wanlin Group» компаниялар тобының өндіріс алаңында болды. Кәсіпорын мұздатылған сарымсақ, пияз, сәбіз секілді көкөніс түрлерін өндіруге маманданған. Жылына 8000 тоннадан астам өнім шығаратын бұл зауыт халықаралық нарыққа, оның ішінде KFC, Nestlé секілді жаһандық брендтерге өнім жеткізеді. Сондай-ақ, компания АҚШ нарығына жыл сайын 50 млн доллар көлемінде экспорт жасайды.
Келіссөздер барысында Түркістан облысы мен қытайлық инвесторлар арасында бірлескен агроөнім өндірісі, өңдеу және экспортқа бағытталған жобалар бойынша әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ өңір басшысы «Qingdao Jincheng Agricultural Technology» компаниясының өкілдерімен кездесті. Ауыл шаруашылығы қызметтерін көрсету және дәнді дақылдар саудасымен айналысатын бұл кәсіпорын жыл сайын 50 миллион келі астық өндіреді. Компания «компания + фермер» және «фьючерстер + тапсырыстар» модельдері арқылы шаруалардың табысын арттырып, тәуекелділікті төмендетуге жәрдемдеседі. Бастысы – экологиялық таза өнім өндірісіне басымдық берілген.
Сапар аясында «Qingdao Dequan Food Co., Ltd.» компаниясының қызметімен танысу да жоспарланған болатын. Компания жылына 20 мың тоннадан астам өнім өндіріп, әлемдік нарыққа шығарады. 2024 жылы компания «Жоғары технологиялық кәсіпорын» және «Мамандандырылған инновациялық ШОБ» мәртебелерін иеленді.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің экономикалық өрлеуі үшін шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде нақты міндет қойған болатын. Қытай еліне жұмыс сапарымыз – сол тапсырманы іске асыру жолындағы маңызды қадам. Шаньдун провинциясының агроөнеркәсіптік әлеуеті зор, біз оны Түркістан облысының нақты жобаларымен ұштастыра отырып, өңір экономикасына серпін беретін ынтымақтастық құра аламыз, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Қытайлық серіктестер Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалап, өңірде өндіріс орындарын ашуға және бірлескен агроөндірістік жобаларды іске асыруға ниет білдірді. Аталған кәсіпорындармен алдын ала келісімдерге қол жеткізіліп, алдағы уақытта нақты жобалар бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Бұл сапар – Түркістан облысының ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіне шетелдік технология мен инвестиция тарту жолындағы маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Сапар барысында инвесторлармен қонақүй, медициналық кешен құрылысы талқыланды. Қытай еліндегі осы жобаларды Түркістан өңірінде іске асыру мүмкіндіктері қарастырылуда. Делегация «Wanlin» тобының құрамындағы денсаулық сақтау орталығында болды. Бұл медициналық қызмет көрсету, күтім және оңалтуды біріктіретін көпфункционалды кешен. Шаньдун провинциясы мен Циндао қаласының негізгі әлеуметтік жобаларының бірі болып. Нысан 5 жұлдызды стандартына сәйкес салынған және 2000 стандартты төсек-орынмен қамтамасыз етілген.