Алматыда ең ұзын лағман әзірленіп, Қазақстан рекордтар кітабына енді

0
27

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласында ұзындығы 1704 метр болатын лағман дайындалды. Бұл көрсеткіш Қазақстан рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді, деп жазады inbusiness.kz. Шараға түрлі этностардың өкілдері – қазақтар, ұйғырлар, дүнгендер, кәрістер мен өзбектер қатысты.

– Мұндай лағман – ел тарихында алғаш рет. Біз бұл жерде тек ұзындықты емес, бірліктің қуатын да тіркеп отырмыз, – деді Қазақстан рекордтар кітабының өкілі. Қала әкімдігі бұл лағман жай ғана гастрономиялық рекорд емес, достық пен татулықтың шынайы символына айналғанын атап өтті.

Айта кетейік, іс-шараны Жетісу ауданының тұрғындары мен этномәдени орталықтары ұйымдастырды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу