ТҮРКІСТАН: «SHOW MATCH» ФУТБОЛ ОЙЫНЫНДА «TURKISTAN» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

0
49
Түркістан қаласында өнер және медиа саласында жүрген танымал азаматтардың қатысуымен футболдан «Show match» атты жолдастық кездесу өтті. Аталған іс-шара лудомания мен есірткіге қарсы күрес идеясын қолдауға, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Ойын «Лудомания және есірткіге қарсымыз!» ұранымен өтті.
✔️«Turkistan Arena» алаңында өткен кездесуде «Turkistan» және Қазақстан құрамалары өзара бақ сынап, кім мықтыны анықтады. Ойын тартысты өтіп, көрермендер 10 голдың куәсі болды. Тартысты ойын 5:5 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Нәтижесінде «Turkistan» командасының жігіттері жеңіс тұғырынан көрініп, 5:4 есебімен басым түсті.
✔️Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, қала тұрғындарымен бірге тартысты ойынды тамашалады.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу