ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ГУРБАНГУЛЫ БЕРДІМҰХАМЕДОВ «ЭТНОАУЫЛ» КЕШЕНІНЕ БАРДЫ

0
49
Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты.
✔️Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәстүрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды.
✔️Сонымен қатар олар тазы мен қыран құстарды тамашалады.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу