
– Мемлекет басшысы спорт саласын дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен өңірде спортты дамыту бойынша жұмыстар атқарылып келеді. Алдағы уақытта жүйелі жұмыс жүргізіліп, жүктелген тапсырмаларды жедел әр сапалы орындау керек. Осы бағытта өзінің біліктілігі мен іскерлігін дәлелдеп, спорт саласының дамуына үлесін қосып, жемісті еңбек етеді деп сенім білдіремін, – деді Ертай Кенжебекұлы.