Қазақстан сыбайлас жемқорлық жайлаған елдердің тізімінде тұр

Transparency International ұйымының 2024 жылғы Сыбайлас жемқорлық индексіне сәйкес, Қазақстан 180 елдің ішінде 88 орында. Қазақстан есептеу индексінде 100-ден 40 ұпай алған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда бір ұпайға ғана жоғары, деп жазады ulysmedia.kz.
Қазақстан әлі де жемқорлық деңгейі жоғары елдер санатында қалып отыр. Ең проблемалы салалар мыналар: сот жүйесі, атқарушы билік және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану. Transparency International ұйымының Қазақстанға ұсынымдары:
Бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалауды күшейту (цифрлық технологияларды қолдану арқылы);
Демократиялық реформалар жүргізу; Сөз бостандығын, журналистер мен сыбайлас жемқорлықты зерттеушілердің құқығын қорғау;
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны қатаңдату;
Заңсыз алынған активтерді қайтару процесін ашық өткізу. Қазақстан сыбайлас жемқорлық бойынша Түрікменстан (165-орын), Тәжікстан (164), Қырғызстан (146) және Өзбекстаннан (121) жоғары тұр. 40 ұпай – ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.