Қазақстанда мектеп оқушыларының білімі тексеріледі

0
48
Мониторинг сауаттылықтың үш бағыты бойынша жүргізіледі.
Қазақстанда мыңдаған оқушының білім сапасы тексеріледі, деп жазады sputnik.kz.
​​Ресми мәліметке сәйкес, 15 сәуірден бастап қазақстандық мектептерде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталады. Оған 2462 мектеп бойынша 4-ші және 9-сыныптарында оқитын 150 мыңға жуық оқушы қатысады.
«Мониторинг арқылы оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, сондай-ақ, оқу процесінің осал тұстарын анықтауға мүмкіндік бар. Соның нәтижесінде білім беру сапасын арттыру үшін әр аймақ пен нақты білім беру ұйымы бойынша кешенді талдау және әдістемелік ұсынымдар әзірленеді», – дейді министрлік мамандары.
Мониторинг сауаттылықтың үш бағыты бойынша жүргізіледі. Олар:

оқу сауаттылығы;

математика;

жаратылыстану;

Оқушылар тестілеуді компьютермен тапсырады. Сондай-ақ білім беру жетістіктерінің әртүрлі мәндік факторларын анықтау сауалнама жүргізіледі. Оған оқушылар, педагогтер, мектеп басшылары мен төртінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысады.
Айта кету керек, білім жетістіктерінің мониторингі 26 сәуірге дейін жалғасады.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу