Өзбекстанда былтырғы бюджет тапшылығы 5 млрд доллардан асқан

0
68

2023 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанда шоғырландырылған бюджет тапшылығының көлемі рекордтық 59 трлн сумға (орташа курс бағамымен $5,025 млрд) жетті, – деп жазады kaz.inform.kz.

Өзбекстан Экономика және қаржы министрлігінің мәліметінше, шоғырландырылған бюджеттің кірісі – 321 трлн сум, шығыстары 380 трлн сум көлемінде болды. Кіріс пен шығыстар арасындағы айырмашылық 59 трлн сум немесе ЖІӨ-нің 5,5 пайызына теңелді.

Ведомствоның ақпаратына сай, былтырғы тапшылық алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп. Мәселен, 2019 жылы дефицит – 13,19 трлн сум (ЖІӨ-нің 2,5%), 2020 жылы – 26,1 трлн сум (4,5%), 2021 жылы – 40,8 трлн сум (5,6%), 2022 жылы 35,2 трлн сум (4%) болған еді.

Айта кетейік, шоғырландырылған бюджетке – мемлекеттік, мемлекеттік нысаналы қорлардың, бюджеттік ұйымдардың қаржысынан тыс қорлары мен Қайта құру және даму қорының қаражаты кіреді.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу