Төлебиде 150 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды

0
69

Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешіті көптеген игі істердің ұйтқысы болып отыр. Осындай жақсылықтың бірі мешіттің бас имамы Үсен Саурбаевтың бастамасымен Қасиетті Рамазан айында 150 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Көмекке мұқтаж болған жандардың қайырымдылық шарасына «Куаныш Ешенқұл» жеке қоры демеушілік жасап, 150 отбасына азық-түлік берді. Мешітке тіркелген әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, аудан аумағындағы мешіттерде еңбек ететін азаматтар «Рамазан қоржынына» ие болды.

Қасиетті құран оқумен басталған жиында ауданның бас имамы Үсен Саурбаев қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып саналатынын, ол – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі екенін айтып, демеушілік жасаған қор басшысына алғысын жеткізіп,  Қуаныш Ешенқұлұлының рухына құран бағыштап, дұға жасады. Жиынға келгендерді Рамазан айымен құттықтап, «Айлардың сұлтаны болған әр ісімізге шексіз сауаптар жазылған қасиетті айда жасаған игі амалдарымызды Алла қабыл етсін!»  деп сөзін аяқтады.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу