Доллар арзандап, рубль қымбаттады

Еліміздегі ақша айырбастау пунктерінде доллар 457 – 462 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457,5– 462,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 459,5 — 462,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 22 қарашадағы ресми бағамы — 1 долларға 459,04 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,22 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,13 — 5,33 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,12 — 5,22 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 21 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,55 теңгеге төмендеп, 459 теңге болған.