НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

0
5
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданындағы қайта жаңғыртылып жатқан «Жібек жолы» кеден бекетіне кезекті рет барды.
Облыс әкімінің өткен сапарында айтылған ескертпелері назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылған. Нысанда құрылыс қарқыны сақталып, инженерлік инфрақұрылым толық аяқталған, қазіргі таңда сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Маңызды нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Алты жолақты бекет тәулігіне 70 мың адамды, 2 мың автокөлікті және 200 автобусты өткізуге мүмкіндік береді.
Нұралхан Көшеров құрылыс сапасын сақтап, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу