
Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары өңірдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау – баршаға ортақ міндет екені атап өтіп, алдағы уақытта да қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасатынын айтты. Тиісті сала басшыларына халықтың әлеуметтік сұраныстарын дер кезінде анықтап, нақты шешімдер қабылдау, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырмалар берілді