ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУЛЫ АЙМАҒЫНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛІП ЖАТЫР

0
7
🔰Жыл сайын әлемде, оның ішінде елімізде де су тапшылығы өзекті мәселелердің біріне айналып келеді. Бұл жағдай егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар үшін кәсібін дамытуға айтарлықтай кедергі келтіруде.
Осыған байланысты тіршілік нәрін үнемдеп, егін өнімділігін арттыру мақсатында биыл Түркістан облысы Түлкібас ауданында 6 ірі шаруашылық 500 гектар алқапқа су үнемдеу технологиясын енгізуді жоспарлап отыр.
🔰Атап айтқанда, «Кен Тау» ЖШС – 50 гектарға «Алмалы сай» АӨК – 50 гектарға, «Бірлік» шаруа қожалығы – 125 гектарға, «Қызыл Жар» ЖШС – 146 гектарға, «Елена и К» ӨК – 42 гектарға, «Мақұлбек» ЖШС – 115 гектарға су үнемдеу технологиясын ендірмек.
Айта кету керек, аталған шаруашылықтар су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсалған шығындардың 80 пайызына дейін мемлекет тарапынан қолдау шаралары арқылы өтемақы ала алады.
🔰Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында 278 гектар егістік алқап пен жеміс бауларына су үнемдеу технологиясы енгізілген. Бұл жүйені енгізуге қызығушылық танытқан шаруалар қатары көп болғанымен, ауданның таулы аймаққа жатуына байланысты жер бедерінің тегіс болмауы кедергілер туындатуда.
Жалпы, аудан көлемінде тамшылатып суару технологиясы кеңінен қолданылып келеді.
🔰Қазіргі таңда Түлкібас ауданында 3 мың гектардан астам алма бау бар болса, соның 700 гектары тамшылатып суару әдісі арқылы жоғары өнім беруде. Биыл бұл көрсеткіш «Кен Тау» ЖШС мен «Алмалы сай» АӨК есебінен тағы 100 гектарға ұлғаймақ.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу