«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 9 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ

0
61
Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» экологиялық апталығы барысында ауқымды көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді.
✅ Іс-шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған 900-ге жуық адам қатысып, 70-тен астам мекеме жұмылдырылды. Сонымен қатар тазалық және көгалдандыру жұмыстарын атқаруға 18 арнайы техника тартылды.
✅ Акция аясында аудан аумағында бүгін 9000 көшет отырғызылды. Ал жыл басынан бері егілген ағаш көшеттерінің саны 17 мыңға жетті. Әрбір қатысушы бір ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосты.
✅ Тазалық жұмыстары барысында су жағалаулары мен бұлақ көздері тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, табиғи аумақтарды абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
📍 Аталған шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
✅ Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, аудан аумағында тазалық пен көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу