Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

Мемлекет басшысына Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.
Нұралхан Көшеров:
➤ өңірдің экономикалық өсімі 113,9 пайызды құрағанын айтты.
🟦Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 1 триллион теңгеге өсті.
🟦2025 жылы аймаққа 1,7 триллион теңге инвестиция, соның ішінде 1,4 триллион теңге жеке инвестиция тартылды. Тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,4 миллиард долларға жетті.
➤ былтыр жалпы құны 340 миллиард теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғанын мәлімдеді.
🟦Бүгінде облыста 21 индустриалдық аймақ жұмыс істейді. «Turan» арнайы экономикалық аймағында 26 жоба жүзеге асырылуда, олардың құны – 315 миллиард теңге.
🟦Ауыл шаруашылығында мақта-тоқыма, жүгері және ет өндірісі кластерлері дамып келеді. Бұл жобалар толығымен іске қосылғанда 2027 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі қосымша 479,5 миллиард теңгеге артады деп жоспарланып отыр.
➤ соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарғаны жөнінде мәлімдеді.
🟦Еңбекпен қамту шараларына 148 мың адам тартылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады.
➤ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын салу, жол инфрақұрылымын дамыту, газдандыру және елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Мемлекет басшысы:
📌инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен өндірісті өркендету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.
❗️халықтың тұрмыс сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.






