ТҮРКІСТАНДА ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0
39
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Түркістан қаласында 101 жасқа толған ардагер ұстаз Гүлсин Ибрагимоваға құрмет көрсетілді. Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің атынан Алғыс хат табысталып, мерекелік сәлемдеме ұсынылды.
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы ардагер ұстаздың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Ғасыр жасаған ұстаздың еңбек жолы өскелең ұрпаққа өнеге. Гүлсин Ибрагимова 1944 жылдан бастап Түркістан қаласындағы Хамза атындағы №2 мектепте биология және еңбек пәнінен сабақ беріп, білім саласында 44 жыл бойы жемісті еңбек еткен. Ұстаздық жолында талай шәкірт тәрбиелеп, олардың қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына үлес қосты.
Бүгінде ардагер ұстаз үлкен әулеттің алтын діңгегіне айналып отыр. Ұрпақтары ұстаздық жолды жалғастырып, білім мен ғылым саласында еңбек етуде.
Ғасыр жасаған ұстазбен жүздесу – үлкен тағылым. Ұстаз еңбегі – ұлт болашағын қалыптастыратын қасиетті қызмет. Осындай ардақты жандардың өнегелі өмір жолы кейінгі буын үшін әрдайым үлгі.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу