НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

0
40
Түркістан қаласында заман талабына сай көпфункционалды ипподром құрылысы аяқталды. Осы нысанның ашылу салтанатына орай, 16-21 наурыз аралығында көкпардан әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 10 құрамасы қатысып, жалпы саны 200 спортшы өзара мықтыны анықтайды. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 30 млн теңге. Дүбірлі дода Дүниежүзілік көкпар федерациясы есебінен қаржыландырылады деп күтіліп отыр.
▪️Жарыс бағдарламасына сәйкес, 16-20 наурыз аралығында (10:00 – 18:00) топтық ойындар ұйымдастырылса, 21 наурыз күні (10:00-16:00) шешуші финалдық кездесулер өтеді.
▪️Түркістан төрінде өтетін әлем чемпионаты ұлттық спортты халықаралық деңгейде насихаттап, көкпардың беделін арттыруға бағытталған маңызды спорттық оқиға болмақ. Айтулы сынға елімізбен қатар шетелдік саяхатшылар мен спорт жанкүйерлері келеді деп жоспарланған.
▪️Айта кетейік, көкпардан әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы Астанада өткен болатын.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу