Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді

0
60
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
✔️Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша бұған дейін атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.
✔️Эльвира Әзімова халық қарауына ұсынылған жаңа Ата Заң жобасы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, eGov және e-Otinish порталына жұртшылық тарапынан келіп түскен ой-пікірлер саны 4 мыңнан асқан. Азаматтар жобаны бүгінгі талап-тілектер мен қоғам мүддесіне сай келеді деп таниды. Саяси партиялар, республикалық және өңірлік қоғамдық ұйымдар жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.
✔️Президент Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғаса беруге тиіс екенін атап өтті. Бұл азаматтардың талқылау барысынан хабардар болып, жоба мазмұнымен егжей-тегжейлі танысуына мүмкіндік береді.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстардың барлығын жіті талдауды тапсырды.
✔️Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының жекелеген баптары мен тармақтарын редакциялап жатқанын айтты. Комиссияның кезекті отырыстары ертең, яғни 7 ақпанда және келесі аптада өтеді.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу