ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДАҒЫ КӨПІРГЕ АРКА ОРНАТЫЛДЫ

0
69
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы КХ-19 республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Достық» каналының үстінен өтетін көпірге арнайы қорғаныш аркасы орнатылды. Аталған шара көпірдің техникалық жағдайының қауіпті деп танылуына байланысты қолға алынды.
▪️Мамандардың қорытындысына сәйкес, көпірдің көтеру қабілеті шектеулі болғандықтан, ауыр салмақты жүк көліктерінің өтуі құрылымға айтарлықтай қауіп төндіреді. Көпір арқылы үлкен жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мақсатында арнайы арка қойылды. Арканың ені 9 метрді, ал биіктігі 3 метрді құрайды. Бұл өлшемдер биіктігі мен көлемі үлкен көліктердің көпірге жақындамай тұрып кері қайтуына мүмкіндік береді.
▪️Сонымен қатар жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысын реттеу мақсатында көпірдің қауіпті жағдайда екенін ескертетін, сондай-ақ жүк көліктерінің өтуіне шектеу қоятын арнайы жол белгілері орнатылды. Белгілер халықаралық стандарттарға сай орналастырылып, түнгі уақытта да жақсы көрінуі үшін жарық шағылыстыратын элементтермен жабдықталған.
▪️Жауапты мекемелердің мәліметінше, бұл уақытша қабылданған қауіпсіздік шаралары көпірді толық тексеріп, тиісті жөндеу немесе қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілгенге дейін қолданыста болады. Қазіргі таңда көпірдің жағдайы бақылауға алынған.
▪️Жергілікті билік өкілдері мен жол қызметі жүргізушілерді жол белгілеріне мұқият қарап, белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Бұл адам өмірі мен жол қауіпсіздігін сақтау үшін бағытталған.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу