ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА ОРМАН МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіру мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Тулепов Шардара ауданындағы«Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесіне жұмыс сапарымен барды.
Іссапар барысында тұқымбақтағы көшеттердің сапасына бақылап, биылғы жылғы көктемгі ағаш отырғызу науқанына дайындалған көшеттердің жай-күйі зерделенді. Сонымен қатар мекеменің материалдық-техникалық базасының жұмысқа жарамдылық күйі тексеріліп, тиісті түгендеу жұмыстары атқарылды.
Бұдан бөлек, мекеменің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мен өндірістік жоспарлары қаралып, алдағы кезеңге белгіленген міндеттердің орындалу барысы талқыланды. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.






