«ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА ТҮРКІСТАН 2026» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Түркістан қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жаңа жыл – Жаңа Түркістан 2026» атты мерекелік кеші өтті.
Мәдени шарада қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы елімізге танымал өнер жұлдыздары – Ернар Айдар, Айкерім Қалаубаева, Әділет Жауғашар, Рысбек Асқар, Нысанбай Бағдат және өзге де өнерпаздар сахна төрінен ән шырқап көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Салтанатты шараны ашып берген Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қаланың өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға алғыс білдіріп, ізгі тілегін жолдады.
– Әрбір жаңа жыл – жаңа үміттер мен мүмкіндіктерге жол ашады. Біз үшін бұл жыл – үлкен жетістіктер мен маңызды өзгерістерге толы болды десек болады. Түркістанымыз ерекше мәртебелі қала статусын алып, дүниежүзілік Қолөнершілер қаласы атанды. Инвестиция көлемі артып, көптеген жаңа нысандар ашылып жатыр. Түркістанның гүлденуі мен дамуы жолында сіздермен бірлесе еңбек етіп, үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Жаңа инфрақұрылымдар, білім және денсаулық сақтау саласында алға жылжулар, мәдениет пен туризмді дамыту бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Осы ретте белсенді атсалысып, қалаға жанашырлық танытқан әрбір тұрғынға ерекше алғысымды айтқым келеді, – деп атап өтті қала әкімі.






