ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ АЙМАҚТАҒЫ» ЖҰМЫСТАР ҚАДАҒАЛАНДЫ

0
46

Түркістан қаласының айналасында құрылған «Жасыл белдеу» аймағы жыл санап ұлғайып келеді. Жалпы көлемі 29 мың гектарды құрайтын аумақта қазіргі таңда 18 071 гектар жерге түрлі жапырақты ағаштар отырғызылған.

Осы орайда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов күзгі ағаш отырғызу жұмыстарының қорытындысымен танысып, егілген көшеттердің  жағдайын тексерді.

Сонымен қатар басқарма басшысы мекеменің материалдық-техникалық жабдықталуы, тұқымбақтың қазіргі жағдайы  мен көктемгі көшет отырғызу науқанына дайындық жұмыстарын пысықтады.

Ғалымжан Әнуарұлы «Жасыл белдеуді» дамыту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі әрі сапалы жүргізу қажеттігін атап өтті.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу