Қазақстанда артиллериялық снаряд шығаратын алғашқы зауыт салынып жатыр

Өнім 2027 жылы шығарылады күтіліп отыр, – деп жазады Sputnik.kz
«Great Sky» компаниясы бас директорының бірінші орынбасары Андрей Тихоненко негізгі оқ-дәрі компоненттерін шығаратын төрт кәсіпорынды қамтитын «ASPAN» жобасы туралы айтты.
Жобадағы алғашқы зауыт – ASPAN-1 қазіргі уақытта салынып жатыр. Онда снарядтар мен миналарға арналған корпустар шығарылады.
«Жобаның әлеуеті зор. Себебі оқ-дәрі өндірісіне қажетті барлық шикізат – металл, мақта, қышқылдар және басқа да материалдар – Қазақстанда бар», – деді Тихоненко.
Жобаға Қазақстан армиясында қолданылатын миномет миналары мен артиллериялық снарядтар (82 мм, 120 мм, 122 мм және 152 мм), сондай-ақ экспортқа арналған НАТО стандартындағы оқ-дәрілер – 155 мм снарядтар (M107, M795) және 60 мм миномет снарядтарының өндірісі кіреді.
ASPAN-1 2027 жылдың басында өнім шығара бастайды деп күтіліп отыр. Жобаның жалпы құны шамамен 500 миллиард теңгені құрайды.






