Заң мен тәртіп: Түркістан облысында заң жобалары талқыланды

0
53

Түркістан облысының Полиция департаментінде маңызды кеңес өтті. Онда бірқатар мәселелер пысықталды. Атап айтсақ,  құқықтық қамтамасыз ету бойынша бейінді ведомстволардың жұмысын күшейту, халықтың құқықтық мәдениеті мен толеранттылығын арттыру, құқықтық сана қалыптастыру, сондай-ақ заң жобалары мен мемлекеттік органдардың шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Сонымен қатар жедел қызметтің қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың қатысуымен  өткен шараға аппарат басшылығы және аудандық басқарма, бөлім басшылары қатысты.

Жиын  барысында бірқатар басшылардың баяндамалары тыңдалып, облыстағы криминогендік жағдайдың жай-күйінің өзекті мәселелері, есірткінің заңсыз айналымы, интернет-алаяқтық, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың ашылуы мен тергелуі қаралды.

Сондай-ақ кеңесте облыстық және республикалық маңызы бар жолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, көлік тәртібі мәселелеріне, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге және жолдардағы апат пен өлімнің негізгі себептерін жоюға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.

Облыстың бас полицейі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында  басым міндеттер айқындалды.  Олардың қатарында  «Таза Қазақстан» бағдарламасын  іске асыру, интернет-алаяқтықтың және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту, жолдардағы апаттылықты азайту, ақпараттық жадынамалар тапсыра отырып, түсіндіру жұмыстарын және халықпен кездесулер өткізу бар.

Отырыс  соңында  Полиция департаментінің бастығы қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындаудың және тиісті бөлімшелердің жұмысындағы кемшіліктерді жоюдың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу, полиция қызметін одан әрі цифрландыру, кадрлық әлеуетті жетілдіру және қызмет атқару кезінде жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру жөніндегі шараларды ширатуды ескерттті.

Облыста  құқықтық саясатты іске асыру және құқықтық қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай арнайы жиындар өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланып жатыр.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу