ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕСКЕКШІЛЕР ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА 26 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

0
47
Алматы қаласында байдарка және каноэ есуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтті. Дүбірлі сынға 11 өңірден келген 112 спортшы чемпиондыққа таласты. Түркістан облысының байдарка және каноэ есушілері 11 алтын, 5 күміс және 10 қола медальға ие болды.
Бағдарламаның әртүрлі түрлерінде чемпион атанғандар:
• Прядка Зоя – К-2, 1000 м – 1 орын, К-4, 500 м – 1 орын.
• Прядка Злата – К-2,1000 м – 1 орын, К-4, 500 м – 1 орын, К-1, 5000 м – 1 орын.
• Құтан Қарақат – К-4, 500 м – 1 орын.
• Кошманова Маргарита – К-4, 500 м – 1 орын.
• Федотов Руслан – С-1,500 м – 1 орын, С-2, 500 м – 1 орын, С-1, 5000 м – 1 орын.
• Абдубаева Милана – С-4, 500 м – 1 орын.
Жарыс қорытындысы бойынша түркістандық байдарка есуші Прядка Злата мен каноэ есуші Федотов Руслан Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу