ТҮРКІСТАН: МЕКЕМЕГЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне» жаңа директор болып Нұрдәулет Оразымбетов тағайындалды.
Басқарма басшысы Қайрат Абдуалиев ұжымға жаңа директорды таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
– Осы салада жинаған тәжірибеңіз бен біліміңізге сүйене отырып, өзіңізге жүктелген міндеттерді зор абыроймен атқаруыңызға тілектеспін, – деді басқарма басшысы.
Нұрдәулет Оразымбетовтың осы салада көпжылдық тәжірибесі бар маман. Ол бұған дейін Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, республикалық мемлекеттік мекемесі орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Қазіргі таңда Нұрдәулет Оразымбетов жаңа қызметіне ресми түрде кірісті.
Жаңа басшының жұмысына сәттілік тілейміз!