ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

0
52
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралап, жай-күйімен танысты. Алдымен бірнеше көшені аралап, жол жөндеу жұмыстарын қадағалады.
✔️Облыс әкіміне Қазыбек би және О.Жарылқапов көшелері аралығындағы жол құрылысының барысы таныстырылды. Жолдың ұзындығы – 2,5 шақырым, төрт жолақты. Құрылысы қарқынды жүруде. Қаржысы толық бөлінсе, биыл аяқталады. Тәукехан көшесін жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Ұсақ түйіршікті асфальт төселіп, аяқжолдар салынады.
✔️Одан кейін Нұралхан Көшеров Б.Қалаби көшесін реконструкциялау жұмыстарын көрді. Жолдың ұзындығы – 7,4 шақырым, 4 жолақты. Тапсырыс беруші – қала әкімдігі. Жоба 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланған. Бүгінде 3 463 412,3 мың теңге игерілген. Толық қаржыландыру күтіліп отыр. Бұл жол салынған соң «Бекзат» шағынауданының тұрғындарына өте қолайлы болмақ. Қала орталығындағы жол жүктемесі де азаяды.
✔️Облыс әкімі жол жөндеу саласындағы жұмыстар бойынша қала әкімі мен жауапты орынбасарларының есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Мәселелер бақылауға алынды.
✔️Айта кетейік, биыл Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүріп жатыр
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу