ТҮРКІСТАН: ОТАНШЫЛДЫҚТЫ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНАДЫ

0
57
✔️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жастар арасында патриоттық іс-шараларды дәріптеу мақсатында жиналыс өтті. Жиынға облыстық қоғамдық даму, білім, мәдениет саласының қызметкерлері мен облыстық жастар орталығының және қалалық ішкі саясат бөлімінің жауапты тұлғалары қатысты.
✔️Басқосуда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл жас ұрпақты отансүйгіштікке елжандылыққа тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылатын іс-шаралар жайында баяндады.
✔️Облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы отаншылдықты дәріптеу және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді насихаттауға бағытталған мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар ұлттық тәрбие, патриотизм, елдігіміз бен егемендігіміз үшін атқарылуға тиіс бастамаларды ортаға салды.
✔️Отырыс соңында жауаптыларға іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу