Шардара ауданында каналдарды механикалық тазарту жұмыстары басталды

0
41
✔️Шардара ауданындағы «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі 2-Р2 және Р-1-3 каналдарында механикалық тазарту жұмыстары басталды.
✔️Көксу ауылдық округі аумағындағы 2-Р2 каналының ірге тасы 1972 жылы қаланған. Ұзындығы 7 шақырым болатын бұл канал 3400 гектар жерді суаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Р-1-3 каналында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. 300 метр ұзындықтағы канал тазартылып, 100 м³ лай шөгінділер сыртқа шығарылды.
✔️Сонымен қатар аталған аудан аумағындағы 2Р-1, 2Р-2, Р-1 және 3Р-1 каналдарының бойындағы дамбалар, өткелдер мен темір тоспалар жөнделуде.
✔️«Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев арнайы іссапармен бірқатар аудандарға барып, каналдар мен арықтардың жағдайымен танысып, кешенді тазалау жұмыстары бойынша жауапты мамандарға нақты міндеттер жүктеді.
✔️Механикалық тазарту жұмыстары филиал теңгеріміндегі бірқатар каналдарда жалғасуда.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу