
Жиын қорытындысымен, жоғарғы сыныптан, арнаулы және жоғары оқу орындарында құқықтық, қаржылық сауаттылық бойынша білікті маманның дәріс беруін енгізуді сұранды. Сондай-ақ ҚР-ның 18 жасқа дейінгі азаматтарына және жалпы смартфон арқылы жылдам несие рәсімдеуді заң аясында тоқтатуды ұсынды. Халық пайдаланып отырған интернет желісіндегі шет мемлекеттердің қаржыландырып отырған түрлі ойын сауық бағдарламаларды мемлекеттік деңгейде сүзгіден өткізу, зерттеп зерделеу қажеттігі айтылды.