
Соның бірі, Түлкібас ауданына қарасты Ақбиік ауылдық округіндегі Төлепберген Бауыржан есімді азамат осыдан 1 жыл бұрын өз жеріне 6 жасанды тоған дайындап, оған 30 мың дана форель балығының шабақтарын жіберген болатын. Бүгінгі таңда сол жіберген шабақтарынан 7 тонна өнім алып, жол бойындағы дүнгіршекте және көл басында сатып, кәсібінің жемісін көруде.