“Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған“: Қырғызстанда әнші ұсталды

Қырғызстанның Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікті ұсталғанын хабарлады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, әңгіме әнші Қайрат Примбердиев туралы, деп жазады tengrinews.kz.
Жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру шаралары аясында «Нәсілдік, этникалық, ұлттық және діни араздықты қоздыру» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша 1985 жылы туған Қырғызстан азаматы анықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, күдікті YouTube-арналарының бірінде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған. Әншіге қатысты «елден кетпеу туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
«Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. МҰҚК Қырғызстан заңнамасына сәйкес нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңірлік араздықты қоздыру әрекеттері үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді», – деп хабарлады ведомство.