Сауранда Рәміздер алаңы салынады

0
66

Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекенінің 1,0 гектар аумағына Рәміздер алаңы салынады. Әкімшілік-іскерлік аумақта орналасатын алаңда 25 метр биіктіктегі Көк Ту орналасады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстары 2024 жылмен 2025 жылға өтпелі кезеңде бой көтереді.

Биыл  салынатын алаңның басым бөлігі жасыл желектен тұрады. Көгалдандыру 6259,9 шаршы метрді құрамақ. Онда арша, тау қарағай, сирень ағаштары мен лаванда, арабис және тагетес сынды гүлдердің түрі отырғызылады. Сонымен қатар субұрқақтар мен демалу үшін арнайы орындықтар болады.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу